Медресе шәкірттері сайысқа түсті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Астана медресе-колледжінде шәкірттерді салауатты өмір салтын ұстанып, спортты өмірлеріне серік етуге тәрбиелеу мақсатында топтық спорт сайысы өтті.

Жарыстың бастамасында медресе ұстаздары шәкірттерге сәттілік тілеп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Алланың алдында күшті мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда жақсырақ», - деген өсиетін естеріне салды. Сайыс белтемірге (турник) тартылу, қоссырық (брусья), кеудені жерден көтеру (отжимание), гір көтеру, қол күрес және 100 метрге жүгіру бойынша болды.

Сайысқа медресе шәкірттерінің 9 тобынан 9 команда қатысты. Нәтижесінде, 1-орынды 3-курс 14-01 тобы, 2-орынды 2-курс 15-03 тобы, 3-орынды 2-курс 15-02 тобы иеленді. Жеңімпаз топтар ақшалай жүлделермен марапатталды, сондай-ақ, жарысқа қатысушы барлық шәкірттерге сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар, 22 мәрте белтемірге тартылып, 82 рет денесін жерден көтеріп үздік көрсеткіш көрсеткен шәкірттерге де арнайы сыйлықтар берілді. Жарыс қасиетті Рамазан айының қарсаңында шәкірттерге ерекше бір серпін беріп, бауырмашылықтарының артуына септігін тигізді.

Sporte1

Sporte2

Sporte3

Sporte4

Sporte5

Sporte6

Sporte7

Sporte8

Sporte9

Sporte10

Sporte11

Sporte12

Sporte13

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: