«Зекет» қоры дертті сәбилерге қуаныш сыйлады (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Астанада қасиетті Рамазан айы құрметіне игі істер легі жалғасын табуда. Корпоративтік "Зекет" қорының Астана қаласы өкілдігі елордамыздың Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында онкологиялық дертке шалдығып, ем қабылдап жатқан балаларға барып, көңілдеріне қуаныш сыйлады.

Ауыр дерттің кесірінен ерте есейіп, көздерін мұң шалған балақайлар түрлі-түсті шарлар мен ойыншықтарды көріп, жайнап шыға келді. Қуаныштарын жасыра алмай, көңілдері босаған аналары да ризашылықтарын білдірді.

Балалардың сауығып кетуіне позитив эмоциялар, көтеріңкі көңіл күй өте маңызды екенін емдеуші дәрігерлер ерекше атап өтті. Сол себеп, мүмкіншілік болса жиірек зиярат етіп, сәл болса да ауруханадағы ауыр күндерінің жеңілдеуіне үлес қосуға шақырды.

Балалардың дерттен құлан-таза айығып, тезірек жазылып кетуіне тілектеспіз.

Ze1

Ze2

Бөлісу: