«Нұр Астана»: Әйел жамағаты Құран хатым жасады (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Рамазан – Құран айы. Бұл ай құлшылыққа аса ерекше көңіл бөліп, мұсылман баласы өзін рухани тұрғыдан жаңғыртып, жетілдіретін уақыт. Қасиетті айда ел мешіттерінде Алланың аты ұлықталып, Құран хатым етіледі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі бөлімі Әйелдер-қыздар секторының «Нұр Астана» орталық мешітіндегі «Жібек» қыз-келіншектер клубы осындай игі де ұлы істі атқарды. «Жібек» қыз-келіншектер клубының жетекшісі Динара Нұрғалиева мешіттегі әйелдер жамағатымен бірге қасиетті Құран Кәрімді хатым етті. Сауат ашу курсында білім алған қыз-келіншектер мен апа-әжелер Алланың аятын оқып, рухани бір серпіліп қалды.

Klub2

Klub3

Klub4

Klub5

Klub6

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: