Бас мүфти «Астана» медресесінің шәкірттеріне диплом табыстады (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы «Астана» медресесін аяқтаған біртоп шәкіртке диплом табыстап, болашақ имамдар мен ғалымдарға сәттілік тіледі.

Ауызашар дастарханында табысталған диплом беру рәсімінде бата жасалып, термелер мен арнаулар орындалды.

«Сіздер үлкен өмірге қадам басып, өздеріңізге үлкен жауапкершілік алып отырсыздар. Дініміздің аманатын өздеріңізге қабыл алғаннан кейін соған сай амал ету керек. Біз халыққа әрбір сөзіміз бен амалымыз арқылы дінді таратымыз. Кейбір адамдар біздің келбетіміз бен болмысымызға қарап, Исламға баға беретін болады. Сондықтан осыған сай болуымыз керек. Баршаларыңызға ақжол тілеймін. Алла Тағала алған білімдеріңізге сай амал етуді нәсіп еткей», – деп атап Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Бөлісу: