Айт күндері "Төлебай" мешіті қайырымдылыққа ерекше ден қойды

Мешіт тынысы
Жарнама

Астанадағы «Төлебай» мешіті Құрбан айт мерекесінде дәстүр мен қайырымдылыққа  ерекше ден қойды.

Мешітке жиылған қауымға Құран Кәрімнен аяттар оқылып, мейрам туралы уағыз-насихат айтылды. Мерекелік айт намазынан кейін  жамағатқа құрма, бауырсақ, шелпек, тәтті-дәмділер мен сусындар, ал балаларға шоколадтар таратылды. Мешіт ауласында жастар арасында арасында арқан тартыс, қол күрес және гір көтеруден сайыстар өткізілді. Ұлттық ойындар жеңімпаздарын «Төлебай» мешітінің Бас имамы Асхат Салимов құттықтап, құнды кітаптар, кілем және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

2017 жылғы Құрбан айт мейрамында «Нұр Астана» орталық мешіті ұйымдастыруымен өткен «Раббың үшін құрбан шал» акциясына «Төлебай» мешіті де атсалысып, 2 сиырды құрбандыққа шалуға 9 адамды жұмылдырды.

IMG 20170901 WA0055

IMG 20170901 WA0054 

«Төлебай» мешіті жылдағыдай өздеріне әкімшіліктен бөлінген «Метро» СҮ жанындағы мал базарына барып, көпшіліктен құрбандық етін жинады. Оны мұқтаж отбасылар мен қайырымдылық мекемелерге үлестіріп берді. Биыл «Төлебай» мешіті Құрбандықтан түскен 340 пакет етті таратты, әрқайсының  салмағы шамамен 8 – 10 кг жетті. Яғни, Құрбан айт мерекесінде шамамен 3 тоннаға жуық ет мұқтаждарға берілді.

Бұдан бөлек, Қараөткел (Илинька) ауылының тұрғыны Әшербеков Бөршібай есімді азаматтың үйі жанып кетіп, ол мешіттен көмек сұраған болатын болатын.  Құрбан айт мейрамы қарсаңында «Төлебай» мешітінің Бас имамы Асхат Сапашұлы Салимов бұл жағдайға ақшалай қаражатпен көмек көрсетті.

Сонымен бірге, мешіт ұжымы «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Салимовтың ұйытқысымен Интернациональный (Учхоз) ауылының №44 мектебінде «Аяулы алақан» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Оған ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылар қатысты. Мереке құрметіне балаларға сыйлықтар беріліп, Құрбан айттың қадір-қасиеті түсіндірілді.

IMG 20170901 WA0160

IMG 20170901 WA0158

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: