«Нұр Астана» мешітінде жаңа тағайындау

«Нұр Астана» мешітінде жаңа тағайындау

Мешіт тынысы
Жарнама

30 наурыз. Астана. Ummet.kz – «Нұр Астана» орталық мешітінің Сауат ашу бөліміне директор тағайындалды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің кадрлар қосыны тағы бір білікті маманмен толықты.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Cерікбай қажы Ораздың бұйрығымен Руслан Миятбекұлы Қамбаров «Нұр Астана» орталық мешітінің Сауат ашу бөліміне директор болып тағайындалды.

Руслан Миятбекұлы 2005-2007 жылдары аралығында ҚМДБ-ның Мешіт істер бөлімі және Оқу-ағарту бөлімінің маманы қызметтерін атқарған. 2007-2010 жылдары аралығында Астана қалалық «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің имам орынбасары лауазымын абыроймен атқарса, 2010-2013 ж.ж. «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы, 2014-2017 ж.ж. республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің имам орынбасары қызметтерінде болған.

Сонымен қатар, Р. Миятбекұлы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми сайты muslim.kz рухани-ағартушылық порталының діни сарапшысы қызметін атқарған білікті маман.

Руслан Қамбаров – бүгінгі таңда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Дінтану» мамандығының магистранты.

Бөлісу: