Отбасы құндылықтары насихатталды

Отбасы құндылықтары насихатталды

Мешіт тынысы
Жарнама

2 Сәуір. Астана. Ummet.kz – «Нұр Астана» орталық мешіті «Ислам және отбасы» жылының аясында әйелдер жамағатына ұлттық отбасылық құндылықтарды насихаттады.

Наурыз мейрамына орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Насихат және қоғаммен жұмыс бөлімінің «Әйелдер-қыздар» секторы, «Нұр Астана» орталық мешітінің жанындағы «Жібек» клубының ұйымдастыруымен «Отбасы – алтын ұя, киелі шаңырақ» атты мерекелік шара өткізді.

Іс-шараға арнайы қатысқан ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы құттықтау сөз сөйледі. Өкіл имам өз сөзінде отбасылық құндылықтардың маңызына тоқталып, «Ислам және отбасы» жылы аясында ұйымдастырылып отырған іс-шараның рухани мәнін атап өтті. Іс-шараның бүгінгі таңдағы ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртудағы, рухани болмысымызды табу мен отбасы институтын дамытудағы маңызының айырықша екенін жеткізді.  

ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен жұмыс бөлімінің «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі, белгілі исламтанушы Ақбөпе Қанатқызы да құттықтау сөз сөйлеп, қалалық жерде ұмыт бола бастаған, көптеген әпке-қарындастарымыздың білуге тиісті құндылықтары арқау етілгенін айта келіп, аналардың ұлт руханиятындағы рөлінің, әйелдер қауымның отбасындағы мәртебесінің айырықша екенін атап өтті. Сонымен бірге, А. Қанатқызы мерекелік бағадарлама аясында бөпенің тұсауын кесіп, қыз-келіншектерге ата салтымыздың асыл өнегесін көрсетті.

Мерекелік шара аясында, баланы қырқынан шығару, бесікке салу сияқты салт-дәстүрлерімізді тәжірибелі аналарымыз бен әжелеріміз арнайы сабақ түрінде көрсетіп берді. Қала берді табақ тарту, келін түсіру, бет ашу, ұзатылатын қызды дайындау, той дайындығы, т.б. дәстүрлеріміз «Жібек» қыз-келіншектер клубының арнайы қойылымымен айшықталды.

Мерекелік бағдарлама барысында «Жібек» қыз-келіншектер клубының мүшелері дайындаған қобыз, жетіген, домбыра сынды ұлттық музыка аспаптарының сүйемелдеуімен әннен шашу шашты. Сонымен қатар, тәрбиелік мәні жоғары термелер орындалып, мерекеге өзгеше мән сыйлады.

Ата дәстүріміздің арда құндылықтарын насихаттаған мерекелік бағдарламаға жиналған жамағат риза болып, ақ жаулықты аналарымыз дән ризашылығын білдірді.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

4

15

11

3

5

6

7

8

9

10

16

2

1

Бөлісу: