Жазғы сауат ашу курсы басталды (ФОТО+ВИДЕО)

Жазғы сауат ашу курсы басталды

Мешіт тынысы
Жарнама

28 мамыр. Астана. Ummet.kz – «Имани жаз – 2018» атты жазғы сауат ашу курсы басталды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Елорда мешіттерінде мектеп оқушыларына арналған жазғы сауат ашу курсы басталды.

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінің сауат ашу курсына тіркелген 305 мектеп оқушыларына жазғы сауат ашу курсының алғашқы күні.

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов арнайы қатысып, ілім алудың артықшылығы жайында тұщымды насихат айтты. 

«Дініміздің ең басты  қағидасы – ілім алу. Баршамызды ілімді болуға, сауатты болуға, көзіміздің ашық болуына шақырады. Сондықтан да, «Оқы, жаратқан Раббыңның атымен оқы!» деген  ең алғаш түскен аяттың мән-мағынасы да осында жатыр.

Жаздың аз уақытында ұл-қыздарыңызды діни сауат ашу курсына беріп жатқандарыңыздың мән-мағынасы зор. Біздің  бұрынғы зиялыларымыз болсын, ақын-жырауларымыз болсын, кешегі Алаш қайраткерлері болсын, бәрі де алғашқы тәлім-тәрбиені мешіттен алған», - деді Асқар Әбітайұлы. 

Сонымен бірге, өкіл имам балдырғандарды мешіт әдебімен таныстырып, білім сапарларына сәттілік тіледі. Ал, «Нұр Астана» орталық мешітінің Алқа мүшесі, құрметті ақсақал Ауданбай қажы Аxметжанов іс-шараға арнайы қатысып, бүлдіршіндерге батасын берді.

«Дін адамды адамгершілікке, отансүйгіштікке, ата-ананы құрметтеуге, т.б. тек қана адамға тән асыл қасиеттерді үйретеді», - деді Ауданбай ақсақал.

Жазғы демалысқа шыққан оқушыларға арналған курс аясында балалар Құран әліппесі, Құран, Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірбаяны, әдеп, т.б. пәндер бойынша сабақ алатын болады. Оқушылар ұлдар және қыздар тобы бойынша жүргізіледі.

Мұндай курстар Бас қаланың барлық мешіттерінде іске асырылуда.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

1

 2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

26

27

28

Бөлісу: