Рамазан айындағы арнайы ағартушылық

Рамазан айындағы арнайы ағартушылық

Мешіт тынысы
Жарнама

28 мамыр. Астана. Ummet.kz – «Әлжан ана» мешітінде Рамазан айына орай салихалы амалдар іске асырылып жатыр, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Елорда мешіттерінде Рамазан айына орай жамағаттың имани құндылықтарын арттыру, сауаттылық деңгейін жоғарылату мақсатында бірқатар арнаулы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сондай шараларды жүйелі түрде қолға алған мешіттердің бірі – «Әлжан ана» мешіті.

Айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айында «Әлжан ана» мешітінің наиб имамы Жақия Мерейдің бастауымен мешіт жанындағы сауат ашу курсынан дәріс алатын әжелермен бірге Құран Кәрімді хатым ету басталды. Игілікті шара аясында Рамазан айы бойы күнделікті бір парадан хатым түсіріп тұру жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, Рамазан айының кіруімен мешіт ұстазы Ақтанов Азаматтың «Ораза кітабы» атты арнаулы дәрісі басталды. Мұнда дәріс алушыларға ораза ғылымхалы оқытылып, Рамазан айына байланысты сұрақтарға жауап берілуде.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

IMG 2380 1

IMG 2382 1

IMG 2390 1

IMG 2391 1

IMG 2392 1

Бөлісу: