Ислам дінін қабылдаған өзге ұлт өкілдеріне ауызашар берілді

Ислам дінің қабылдаған өзге ұлт өкілдеріне ауызашар берілді

Мешіт тынысы
Жарнама

4 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – Ислам дінін қабылдаған өзге ұлт өкілдеріне ауызашар берілді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Рамазан айы келісімен ел мешіттерінде арнайы дастархандар жайылып, ауызашарлар берілуде. Өклдікке қарасты Астана мешіттері де жыл сайынғы үрдіс бойынша бұл іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруда.

 «Төлебай» мешітінде Бас имам Асхат Сапашұлы Салимовтың ұйымдастыруымен Ислам дінін қабылдаған өзге ұлт өкілдеріне ауызашар берілді.

Ауыз ашарға жиналған өзге ұлт өкілдерін «Төлебай» мешітінің Бас имамы қасиетті Рамазан айымен құттықтап, Ислам дінінің құндылықтары жайында уағыз-насихат айтты. А.Сапашұлы діни білім алудың маңыздылығын түсіндіріп, ақида және жалпы Ислам діні туралы қойған сұрақтарына жауап берді.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: