«Төлебай» мешітінде мектеп оқушыларына жазғы сауат ашу курсы басталды

«Төлебай» мешітінде мектеп оқушыларына жазғы сауат ашу курсы басталды

Мешіт тынысы
Жарнама

4 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – «Төлебай» мешітінде мектеп оқушыларына жазғы сауат ашу курсы басталды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйытқы болуымен Елорда мешіттерінде жазғы сауат ашу курстары жүргізілуде. Осыған орай, «Төлебай» мешітінде мектеп жастағы оқушыларға жылдағыдай әдет бойынша жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.

Бас имам Асхат Салимов жазғы сауат ашу курсының шәкірттерін жаңа оқу жылымен құттықтап, оқуларында сәттілік тілеп, мешіттегі ұстаздардан білім алудың артықшылықтарын атап өтті. «Төлебай» мешітінде жазғы сауат ашу курсында шәкірттер Құран оқуды, иман негіздерін және әдеп сабақтары бойынша тәлім алатын болады.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

IMG 20180602 WA0046

IMG 20180602 WA0048

IMG 20180602 WA0050

 

Бөлісу: