Қауіпті діни ұйымдарға қарсы іс-шаралар жалғасуда

Қауіпті діни ұйымдарға қарсы іс-шаралар жалғасуда

Мешіт тынысы
Жарнама

7 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – Қауіпті діни ұйымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды ummet.kz сайты.

Елордамызда қауіпті діни ұйымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, халықтың рухани санасын жаңғырту, салт-дәстүр мен мәдениетімізді көздің қарашығындай сақтай білу және тағылымы мол тарихымызды қастерлеу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.  

«Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ және ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 5-6 маусым күндері «Алматы» ауданы әкімінің аппаратының пәтер иелері кооперативті қызметкерлерімен, «Каратэ орталығы» ЖШС жаттықтырушыларымен, «АймақТау», «Тұлпар» сауда үйлері және «Халық жоба» ЖШС қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру тобы кездесулер өткізді.

«Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшы м.а. Аташев Айбек Асқарбекұлы, ҚР ДІАҚМ ДІК «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ бөлім басшысы Гайко Ольга Александровна, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамдары Исенов Нариман Ермекұлы, Мамедалиев Нұрсұлтан Орынбасарұлы, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Агитаев Әділ Сахиұлы, Орталық мамандары Альтаева Салтанат Жәдігерқызы, Шантай Марал Мұратқызы жергілікті тұрғындар арасында дін саласында қабылданған жаңа заң жобасын түсіндірумен қоса, дін атын жамылған жат ағым өкілдерінің қоғамға тигізетін әрекеттерін сынай отырып, дін мен дәстүрдің сабақтастығына тоқталды. Тұрғындарды жат идеология қармағынан сақ болуға шақырды.

Кездесулер өткізу барысында  тыңдаушылардың көкейінде болған сұрақтарға жауаптар беріліп, алдағы уақытта «2288» сенім телефоны арқылы хабарласып, діни, психологиялық консультация алуға болатындығы туралы ақпарат берілді.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

DSC 0218

DSC 0215

DSC 1230

de4ecc82 2a50 4825 b535 46b5b77deb90

Бөлісу: