Астана қажылары ұлық сапарға аттанды

Астана қажылары ұлық сапарға аттанды

Мешіт тынысы
Жарнама

16 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz – Бас мүфти қажыларды шығарып салу рәсіміне қатысты деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз астаналық қажыларды ұлы сапарға шығарып салу рәсіміне қатысты.

Салтанатты шараға Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Захир бен Мутиш Әл-Энази мырза, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов, «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшы Аташев Айбек Асқарбекұлы, Астана қаласының Қоғамдық даму басқармасының басшысы Данияр Есин қатысып, қазақстандық қажыларға сәт сапар тіледі.

"Қажылықтың өзіне тән қиындықтары мен сынақтары болады. Әуежайдан бастап, елге қайтып келгенше түрлі машақатты бастан өткереміз. Сондықтан әр сынақты сабырмен қабылдап, төзімділік танытуымыз тиіс. Өйткені, сіздер Алланың жолында сапарға ниеттеніп, қажылық өтеуге бел будыңыздар. Алла баршаңызға қабыл болған қажылықты нәсіп еткей. Әмин", - деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Өз кезегінде Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Захир бен Мутиш Әл-Энази мырза қажыларға ізгі ниетін жеткізіп, жылы лебізін білдірді.

Осы жылы қажылық сапарын аккредитациядан өткен 18 компания ұйымдастырып отыр. ҚМДБ қажылық миссиясының медициналық көмек көрсету орталығында қажыларға тәулік бойы қызмет көрсетеді. Орталықта жедел жәрдем көлігі де болады. Барлық қажы отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Биыл алғаш рет Қазақстан қажылары қажылыққа бірыңғай киіммен барады.

Компания жұмысының сапасы Қажылық миссиясының бақылауында.

Айта кетейік, кеше ғана Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан 290 қажы Астана-Жидда бағыты бойынша ұлы сапарға аттанды.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

1

2

3

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

 

Бөлісу: