Наиб мүфти Астанада жұма уағызын айтты

Наиб мүфти Астанада жұма уағызын айтты

Мешіт тынысы
Жарнама

8 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz - Наиб мүфти Астанада жұма уағызын айтты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан қажы Әбдірашұлы «Нұр Астана» мешітінде «Заманауи мұсылман келбеті» тақырыбында жиналған жамағатқа уағыз айтты.

Наиб мүфти өз уағызында қазіргі мұсылманның келбеті, мінез-құлқы, білімі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы жайлы сөз қозғады.

«Заман ағымынан мұсылман ешуақытта тыс қалуы тиіс емес, керісінше адамгершілікте, білімге құштарлықта, жаңалық ашуда Жаратқаннан қорқуда, парасаттылықта алдыңғы қатардан көрінуі ләзім. Нағыз мұсылманның бейнесін онымен сөйлескенде оны көргенде тек тыныштық, көркемділікті, онымен сұхбаттасуға деген ынтызарлықты байқауы тиіс. Яғни өзінің іс-әрекетімен мұсылман деген атқа лайықты болуы міндет», – деп атап өтті Бауыржан Әбдірашұлы.

Уағыз соңында Б.Есмахан ҚМДБ жанындағы Қажылық миссиясының жұмысы жайлы айтып берді.

Бөлісу: