«Имани жаз - 2015» діни сауат ашу курсы өз мәресіне жетті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастырумен Астана қаласы мешіттерінде өтіп жатқан «Имани жаз - 2015» жазғы діни сауат ашу курсы шәкірттері арасында алған білімдерін шыңдау, білім алуға деген ынта-жігерлерін арттыру мақсатында «Білімге құштар иманды жас» атты білім сайысы болып өтті. Сайысқа Астана қаласының 8 мешітінен шәкірттер қатысты.

Жарыс төрт айналымнан тұрды: таныстыру, Ислам тарихы, бес парыз және жүзден жүйрік.

Бірінші айналымға Астананың қалалық мешіттерінде ұйымдастырылған жазғы курсттарының оқушылары арасыннан іріктеліп шыққан 8 шәкірті қатысып, соның алтысы келесі айналымға өтті. Үшінші айналымға 6 шәкірттен үшеуі өтіп, бұл кезеңде ұяшықтар таңдалып, күрделенген сұрақтарға жауап беріліп, жеңімпаз анықталды.

Нәтижесінде «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірті Бесенбай Абдуалим бірінші, «Нұр Астана» орталық мешітінің шәкірті екінші орынға, үшінші орынға «Төлебай» мешітінің шәкірті ие болды.

Қатысушылар мен жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар және мақтау қағазымен марапатталды.

Бірінші орынға велоципед, екінші орынға домбыра, үшінші орынға спорттық тақтайша және діни кітаптар, т.б. сыйлықтар берілді.

Сайысқа «Нұр Астана» орталық мешітінің найб имамы А.Салимов, «С.Ғылмани» мешітінің найб имамы Сабит Ережепов, исламтанушы Бағзат Ақжоловтар әділқазылық жасады. 

Сайысты «Нұр Астана» орталық мешітінің найб имамы Жандос Айтбаев жүргізді.

 

 

 
Бөлісу: