Ерекше мешіт ашылайын деп жатыр

Ерекше мешіт ашылайын деп жатыр

Жаһан
Жарнама

Түркия астанасындағы Есертепе деп аталатын жаңа мешіт көп ұзамай ашылады.

Оның ерекшелігі - 6 қабаттан тұратындығы. Бұл жайында islam.kz порталы Ihlas News Agency (IHA) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Анкара қаласының Кешироен ауданында тұрғызылған осынау мұсылмандардың құлшылық үйі әлеуметтік желіде танымал ғибадат ғимаратына айналып үлгерді. Бір қарағанда, көп пәтерлі тұрғын үйді көз алдыңа әкелетін мешіт құрылысы табаны күректей 11 жыл бойы жүргізілген. Десе де түрік қоғамында мұндай жаңашылдықты қабылдай алмайтындар мешіт сәулетін сынға алып, наразылығын білдіріп жатыр. Астыңғы қабаттарында қасиетті Құран оқу курсы жүргізілетін болатын. Ал намаз оқитын орын жоғары қабаттарды орналасқан.

дереккөз: islam.kz 

Бөлісу: