Мадрид Рамазанды Пасхамен тең деңгейде атап өтеді

Жаһан
Жарнама

Испан БАҚ беттерінде Мадрид мэрі Мануел Кармен католиктік мерекелермен қатар мұсылман мейрамдарына да ерекше мән бере бастағаны мәлім болды.

Биылғы 2016 жылдың бюджетіне маусым айында келетін Рамазан мерекесі мен ақпанда тойланатын Қытай жаңа жылына бөлінетін қаражат енгізілді.

Мемлекет қазынасынан Мадрид билігі аталмыш мерекелерге 150 000 еуро бөлді. Қытай және мұсылман қауымдастығы бұған дейін төл мерекелерін өткізуге өздері қаражат жиып келген еді. Енді бұл шығындарды жергілікті билік көтеретін болды. Рамазан мерекесін өткізу бағдарламасы әзірше айқындалмағанымен, ақпан айында келетін Қытай жаңа жылына дайындық жұмыстары басталып та кетті.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: