Қажылыққа тың қалыппен бару қажет

Жаһан
Жарнама

Нигерияның Ондо штаты қажылары қайырымдылық қоры өкілдері ел мұсылмандарына қажылық алдында денешынықтырумен айналысу туралы ұсыныспен шықты. «Бұл қажылардың қасиетті рәсімді денсаулықтарына зиян келтірмей өткізуіне мүмкіндік береді» дейді қор өкілдері.

«Жақсы физикалық форма – бұл қажылықтың жемісті шарттарының бірі болмақ. Қажылық – өз ретінде табандылықты талап ететін құлшылық. Биыл Меккеге сапарға шығуды жоспарлаған адам құлшылық кезінде денсаулығына зиян келмесі үшін арнайы дайындалуы қажет. Сондықтан, қалыпты өмірде көлікпен жүріп үйренген адам физикалық дене қимылдарын жасап, өзін ұлы сапарға дайындағаны дұрыс» дейді қор төрағасы Алхаджи Аджифовув.

Төраға сондай-ақ, физикалық күш түскенде денсаулықтан жапа шекпес үшін алдын ала емделуге де мол мүмкіндіктер бар екенін атап өтті. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: