«Әл-Харам» мешітінде ұялы телефон қуаттағыштар орнатылды (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

Қасиетті Мекке қаласындағы «әл-Харам» мешітінде ұялы телефондарды қуаттаушы аппараттар орнатылды. Енді қажылар ұялы телефондарын осы жерден қуаттап алуына болады.

Қуаттау стансалары бағаналарға бекітіліп, жалпы электрқуаты жүйесіне қосылған.

Әр аппарат сегіз телефонға арналған. «Әл-Харам» әкімшілігі мешітте халық көп жиылған уақытта әр адам телефонын бес минут қуаттауына ғана рұқсат етілетінін хабарлады.


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: