SalamMobile 100% тиімді ораза қосымшасын ұсынады

Жаһан
Жарнама

SalamMarket және Bitfury Development бірлескен жоба – "Ramadan Mubarak!" атауымен жаңа мобильді қосымшаны іске қосты.

Қосымша арқылы күн сайынғы оразаны белгілеп отыруға, жасаған жақсы істерді, есте қаларлық уақиғалар мен кездесулерді жазуға, Құранның оқыған аяттарына белгі қоюға, сонымен қатар Рамазан айында болған жағдайлардың барлығын сақтауға болады.

Сондай-ақ, жаңа қосымшаны қолданушы өзінің оразаны қаншалықты тиімді өткізгенін арнайы сандық көрсеткіштермен бағалап, талдап отыруына да мүмкіндігі бар.

Бұдан бөлек, "Ramadan Mubarak!" қосымшасы әлемдегі ислам жаңалықтарынан хабардар етеді. Жоба жетекшілері бұл қосымша әрбір мұсылманға оразаны жүз пайыз тиімді өткізуге көмектесетініне сенім білдіруде. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: