Имамға лайық «лайк» бас!

Жаһан
Жарнама

39 жасар мароккалық азамат мұсылмандар арасындағы байланысты түбегейлі өзгертетін Mynbar мобильді қосымшасын ойлап тапты.

Жаңа қосымша арқылы әр адам дін қызметкеріне уағыз барысында қоюға ұялған сұрақтарын жолдауына болады. Сондай-ақ, мешіт пен имамдар туралы, олардың уағыз-насихаты жайында пікірлер қалдыра алады. Игі бастаманы Мохаммед Моуман дін қызметкерлерімен қарым-қатынас жасауда туындайтын келеңсіздіктерді болдырмау үшін қолға алған.

«Бір күні мен имамның уағызында болдым. Сол кезде қойғым келген сауалды қолымды көтеріп айта алмадым. Ал алдына барып айтуға ұялдым. Осыдан кейін сұрақтарды имамға жеткізудің жаңа жолдарын қарастырып, қосымшаны жасау идеясына тоқталдым» дейді М.Моуман.

Оның айтуынша, бұл қызметтің радикалдануға қарсы күреске тигізер пайдасы бар. «ДАИШ секілді экстремистік ұйымдар интернет пен әлеуметтік желілерді адам бопсалауға өте қатты пайдаланады. Біз өзіміздің мобильді қосымша арқылы әлеуметтік желілерде «антижиһад» жасауымызға болар еді» дейді ол.

 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: