Зәм-зәмды жай судан ажырата аласыз ба? (ВИДЕО)

Жаһан
Жарнама

Араб елдері тұрғындарының бірі YouTube қолданушыларымен жай су мен Сауд Арабиясындағы зәм-зәм суын ажырату тәсілдерімен бөлісті, деп хабарлайды IslamNews.

Ол үшін мынадай тәжірибе жүргізілген. Ол элеткр шамын көрсетіп, оның арнайы тоққа қосылғанда ғана жанатынына назар аудартты.

Онан соң шам сымтемірлерін қарапайым су құйылған ыдысқа салды, әлбетте, шам жанған жоқ. Осыдан кейін шамды судан шығарып, сымтемірін құрғатып сүртіп, зәм-зәм суы құйылған ыдысқа салды. Бұл сәтте электр шамы жанды.

Ролик авторы көрермендерге сымтемір ұштарының бір-біріне тимегенін, яғни бұл жерде ешқандай көзбояушылық немесе алдау әрекеттері жоқ екенін атап айтты.  

 

{youtube}ma_1OCgKwAY{/youtube}

 

ummet.kz-ақпарат

 

Бөлісу: