2500 фут биіктіктегі ауызашар қандай болады?

Жаһан
Жарнама

Сауд Арабиясында кейбір мұсылмандар жер бетінен 2500 фут биіктікте ауыз ашуына тура келеді.

Бұл санаттағы адамдар тікұшақ арқылы Мекке қаласының қауіпсіздігін күзетуші қызмет атқарады. Олар дәл осы уақытта жұмыс бабымен әуеде ауыз ашады.

Таулардың, магистралдар мен тұрғын үй аудандарының үстімен, бүкіл Меккенің, әсіресе Қағбаның қауіпсіздігін ұшқыштар тікұшақ арқылы бақылайды.

Таяуда ұшқыштармен бірге жергілікті араб басылымдарының журналисі де көкте ауыз ашып көрді, деп хабарлайды Al Arabiya.

Ұшқыштар бағыты Джидда қаласындағы базадан басталады. Тікұшақтар ауқымды көлемде ұшып өтіп, кешке Меккеге жетеді. «Темір құстар» әл-Харам мешітінің үстінен төмендегі жағдайларды жіті қадағалайды.

Ал ақшам намазының кіруімен ұшқыштар құрма және су алып, жерге қонбастан бұрын ауыз ашады.

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: