Жеті жасар имам (ВИДЕО)

Жаһан
Жарнама

Иса әл-Шариф – Иорданиядағы, бәлкім әлемдегі ең кішкентай имам.

Алайда, оның жас деңгейі мешітте имамдық етуіне еш кедергі келтірмейді. Елдегі имамдар мен дін мамандарының пікірінше, жас баланың уағыздары әрдайым мазмұнды да қызықты, сол себепті мұсылмандар арасында тез тарайды.

Қазір Иса әл-Шариф ресми түрде тек өз ауданындағы мешітте ғана емес, қаладағы басқа да мешіттерде уағыз жүргізеді.

Әкесінің айтуынша, ол Рамазан айында ұжымдық намазға имамдық етеді, ал жұма күндері арнайы уағыз айтады.

Ал бала болашақта өзін дәрігер, кардиолог ретінде елестетеді.

Иорданиядағы Ислам институтының шариғат ұстазы, белгілі исламтанушы, доктор Хайдар Мұрад баланың ерекше қабілетті екенін айтады. Сондықтан, оған дін қызметін жасауға құқық берілген.

 

 

{youtube}jcMV_sCBBqU{/youtube}

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: