Кувейттің Дін істері министрлігі ел мұсылмандарының мешітте ұйықтауына тыйым салатын қаулы шығарды, деп жазады «әл-Раи» газеті.
Жаңа қаулыға сәйкес, енді мешіттер түнгі намаздан кейін жарты сағаттан соң есіктерін жабуы міндеттеледі.
Айта кету керек, мұсылман елдерінде кей адамдардың құптан намазынан соң мешіт ғимаратында түнеп қалуы сирек кездесетін жағдай емес. Кувейт имамдары мешіттің бұқараға күні-түні ашық болуын ескеріп, көп жағдайда қонуға ниетті адамдарға тыйым салмайтын көрінеді.
Алайда, Кувейт министрі мешіт тек құлшылыққа арналған үй екенін мәлімдеді.
Құзыретті органның қаулысының тек Рамазанның соңғы он күндігінде күші жүрмейді. Министрдің айтуынша, бұл оразаның соңғы бөлігінде мешітте иғтикаф етушілерге жасалған жеңілдік. Сонымен қатар, алыс сапарға шыққан көлік жүргізушілері мен такси қызметкерлеріне де жол-көлік уақиғасының алдын алу мақсатында мешітке қонуына рұқсат беріліп отыр.
ummet.kz-ақпарат