Дүйсенбі күні Сауд Арабиясында орын алған терактіні араб жəне мұсылман мемлекеттерінің басшылары қатаң сынға алды, – деп хабарлайды SPA ақпараттық агенттігі.
Сауд патшасына екі сағаттың ішінде-ақ Бахрейн мен Иордания патшасы, БАƏ мұрагер ханзадасы, Кувейт əмірі қоңырау шалып, көңіл айтқандары мəлім болды.
Түркия, Йемен, Палестина, Катар, Оман жəне Пəкістан елдерінің басшылығы да терактіге байланысты қатаң мəлімдеме жасады.
Атап айтқанда, Мысыр Сыртқы істер министрлігі өз мəлімдемесінде лаңкестер қасиетті Рамазан айын əдеттегідей «құлшылық атмосферасында аяқталуына кедергі болып, пəк жəне киелі жерлерді ластауды көздегенін» жазды.
Сауд Арабиясы Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Мəдина қаласындағы Пайғамбар мешітінің жанында орын алған теракті салдарынан жанкешті жəне қауіпсіздік қызметінің төрт бірдей қызметкері мерт болды. Бес полицей ауыр жарақаттанды. Құзыретті ведомство өкілдерінің айтуынша, жанкешті ақшам намазының уақытында мешіттің ішіне кірмекші болған. Алайда, мешіт іргесіндегі көлік тұрағының қасында лаңкестен күдіктенген қауіпсіздік қызметі өкілдері оның ішке енуіне қарсы тұрған. Осы сəтте жанкешті беліне байланған жарылғыш затты іске қосты.
Ал осы уақиғадан сəл ертерек, таңғы мезгілде əл-Катиф қаласындағы мешіт ауласында да жарылыс болып, оқиға орнында жанкешті қаза тапқан болатын.
E-Islam.kz