Қағбаға арналған қосымша кең таралуда

Жаһан
Жарнама

Al-Maqsad мобилді навигаторы мұсылман қауымының көңілінен шықты. Қосымша іске қосылған сәттен бастап оны 30 мың қолданушы жүктеген.

Еске салсақ, аталмыш қосымшада Меккедегі әл-Харам мешіті территориясы бойынша навигатор орнатылған. Қосымша қажыларға қасиетті Қағба аумағында жүріп-тұруларына үлкен көмегін тигізеді.

«Қосымша арқылы қолданушылар қызмет көрсету орындарын, мешіттің маңызды жерлерін оңай таба алады. Қосымша дауыс арқылы да қолданушының қай бағытқа жүріп бара жатқанын айтып, жөн сілтейді. Сонымен қатар, ол мешіттің ішінде ғана емес, оның сыртқы территориясында, сондай-ақ Меккенің басты көшелері мен жолдарында да дұрыс бағыт-бағдар көрсетеді. Айта кетерлігі, қосымшаны пайдалану үшін интернеттің қажеті жоқ. Тек оны кез келген операциялық жүйеде жұмыс істейтін өз телефоныңызға орнатып алсаңыз жеткілікті» дейді қасиетті қос мешіт ісі жөніндегі басқарма басшысы Аджмад әл-Хамзи. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: