Роналду Еуро-2016 сыйақысын балаларға аударды

Жаһан
Жарнама

Мадридтік «Реал» клубының жұлдызы және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Еуро-2016 чемпионатындағы жеңістері үшін алған сыйақысын түгелдей қатерлі ісікке шалдыққан балалар еміне аударды.

Футболшы 275 мың фунт стерлинг (331,2 мың еуро) қаражатты балалар қорына берді. Айта кетсек, әлемдік футболдың жарқын жұлдызы мұсылман халқына ерекше ықылас, құрмет көрсететіні бүгінде көпшілікке мәлім. Ол өз сөзінде мұсылмандарға қолдау білдіріп, жанашырлық танытып келеді. Жуырда әлеуметтік желілерде Роналду мұсылмандарды жақсы көретінін, олардың «өмірі ғажап әрі бір жүйеге келтірілгенін» мәлім етті. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: