Мұсылмандар Исламды терроризммен теңестірмеуге шақырды

Жаһан
Жарнама

Ирландия мешітінің имамы БАҚ өкілдерінен террористердің зұлымдық әрекеттерін исламға теңестірмеуге шақырды, деп хабарлайды Irish Times.

Ирландия ислам мәдени орталығының басшысы, доктор Әли Селиманың айтуынша, зорлық-зомбылық актілерін жасаушы адам кәдуілгі қылмыскер ретінде бағалануы тиіс, ал заңды құрметтейтін мұсылмандарды бұл қылмыстық әрекеттерге күдікті санау – ақылға сыймайтын тірлік.

«Жауыздықтың аты – жауыздық. Алайда, біз оны жасаған қылмыскерлерді мұсылмандарға телімеуіміз керек» дейді доктор Селим.

«Бүгінгі БАҚ осындай қылмыс жайында жазғанда, оны ислам мен мұсылмандарға теңестіргені үшін жауапкершілік алуы керек. Сіздердің айтқан-жазғандарыңыз БАҚ арқылы көпшіліктің ойын түбегейлі өзгертеді» деген доктор журналистерге ақпараттың ақ-қарасын ажырату керектігін атап өтті. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: