Гетені оқып, исламға келді

Жаһан
Жарнама

Германия оңшыл партиясының Дрезден қаласы муниципалдық кеңесінің мүшесі Вернер Клаун ислам дінін қабылдады.

В. Клаун қазіргі уақытта Дрездендегі босқындарға көмектесумен айналысады. Айта кетсек, Дрезден қаласы «Багида» деп аталатын еуропалық антиисламдық қозғалыс орталығы саналады.

Ибрагим есімін алған Вернер Клаун өзінің хақ дінге келуіне белгілі неміс ойшылы, философ Иоган Вольфганг Гете себепкер болғанын айтады. Неміс ойшылының шығармаларын оқығаннан кейін көзқарасын өзгертіп, босқындарға көмектесуге бел байлайды. Осыдан кейін ол ислам дінін қабылдаған. Бүгінде Ибрагим өз үйінде Сирия мен Ливияның төрт босқынын паналатып отыр. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: