Жарты сағат кітап оқу өміріңізді ұзартады

Жаһан
Жарнама

Құрама штат ғалымдарының зерттеуі кітап оқудың ерекше жемісі жайында қызықты деректерді ашты. Зерттеуге сәйкес, кітаппен дос болу адам баласының ми, ойлау жүйесінің белсенділігін арттырып ғана қоймай, оның өмір жасының ұзақ болуына да септігін тигізетін көрінеді.

Зерттеуге жасы 50-ден асқан 3 600 адам қатыстырылған. Оларды үш топқа бөлді: кітапты көп оқитындар, орташа оқитындар, үшінші топ мүлде кітап бетін ашпайтындар.

Зерттеу нәтижесінде күніне 30 минут кітап оқитын адамдар өзгелерге қарағанда 23 айға ұзағырақ өмір сүретіндігі айқындалды. Сонымен қатар, тәжірибе барысында жоғары білімді және табысты әйел адамдардың кітапты қатты жақсы көретіндіктері де белгілі болды. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: