Қажыларға 6 мың дәрігер қызмет көрсетеді

Жаһан
Жарнама

Қажылық маусымында 6 мыңнан аса дәрігер мұсылмандарға қызмет көрсетеді.

Мекке мен Мәдина қалаларында медицинаның 145 саласы бойынша арнайы мамандар да жұмыс істейді.

Қызметкерлердің барлығы төтенше жағдай кезінде қажыларға көмек көрсету жөніндегі арнайы дайындық курстарынан өтті. Сонымен қатар, инфекциялық аурулар таралу кезінде тиісті шараларды қабылдау тәсілдерін де меңгерді.

Ислам әлемінің қасиетті Мекке мен Мәдина шаһарларында кез келген ауқымды уақиғаларға қарсы әрекет ету үшін арнайы төтенше жағдай комитеті де құрылған.

Айта кету керек, синоптиктердің болжамынша биылғы қажылық маусымы ең ыстық уақытқа сәйкес келмек. 

E-Islam.kz

Бөлісу: