Франциядағы танымал тұлғаға айналған мұсылман

Жаһан
Жарнама

Францияда ең танымал тұлға ретінде мұсылман танылды. Le Journal du Dimanche газеті жүргізген дәстүрлі сауалнама қорытындысы осындай мәлімет таратты.

Француздардың ыстық ықыласына һәм «Сезар» марапатына белгілі «1+1» фильмінің жұлдызы, мұсылман әртісі Омар Си ие болды.

Омар биылғы рейтингтің көш басында тұр, танымал француз әншісі Жан-Жак Гольдман екінші орынға табан тіреген.

Айта кету керек, Омар Си аталмыш рейтингке «1+1» туындысы жарық көрісімен енген болатын, алайда, сарапшылар әртісті бұл тізімде жыл ішінде болмайды деп болжаған екен. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: