Имам 260 кісіні өлімнен құтқарды

Имам 260 кісіні өлімнен құтқарды

Жаһан
Жарнама

3 шілде. АСТАНА. Ummet.kz – Өз өмірін қатерге тігіп, жүздеген христианды, ажалдан арашалап қалған имам Нигерияның ұлттық батырына айналды.

Нигерияның орталық ауданында орналасқан ауылдың имамы көрші елді мекендерден қашып келе жатқан қалың тобырды көреді. Қашқындарды мұздай қаруланған топ қуып келе жатқан еді.

Қауіпсіздік мақсатымен есімі аталмаған имам қашқын әйелдер мен балаларды өз үйінде жасырса, ер адамдарды мешітте жасырған, деп хабарлайды IslamNews сайты.  

300 кісідей бұзақылар тобы автоматтарымен ауылға кіріп келеді. Олар қашқындардың мешітте жасырылғаны жайлы біліп, ауыл имамынан шамамен 260 қашқынды шығарып беруін сұрайды. Бірақ, қарусыз бола тұра имам олардың шартын орындамай, керісінше уағыз-насихат айтуға тырысады. Өз ойлағандары жүзеге аспаған бұзақылар алдыңғысынан бетер қызбаланып кетеді. Оларды тоқтатуға шамасы жетпейтінін түсінген дін қызметкері жерге жығылып, ағыл-тегіл көз жасына ерік беріп, Аллаға қайта-қайта сәжде жасайды. Бұл көріністен естерін жиған қарақшылар тобы оларды жайына қалдырған екен. Аталмыш оқиғадан кейін қашқындар тағы 5 күн имамның үйі мен мешітті паналап, кейін арнайы қашқындар лагеріне жеткізілген екен.

Бөлісу: