Мысырда балаларды мешітке үйретудің өзгеше тәсілін қолдануда

Мысырда балаларды мешітке үйретудің өзгеше тәсілін қолдануда

Жаһан
Жарнама

13 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz – Мысырда кішкентай мұсылмандарды мешітке үйретудің ерекше тәсілін қолдануда, деп хабарлайды islam.ru сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Даманхур қаласындағы Нассерода мешітінің имамы 10-14 жас аралығындағы балалар арасында Алланың үйіне тұрақты келуі үшін конкурс жариялады. 40 күн бойы таң намазына үзбей келген балалар 55 доллар қаржылай сыйлық алады. Имам Мұхаммед Алямның айтуынша, бұл жарысқа мешіт жамағатының арасынан шыққан кісі демеушілік жасап отыр.  

Бөлісу: