Әлемдегі алғашқы суда жүзетін супермаркет ашылды

Әлемдегі алғашқы суда жүзетін супермаркет ашылды

Жаһан
Жарнама

29 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Әлемде ең алғашқы суда жүзіп жүретін супермаркет ашылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.  

Көпшілікке танымал Carrefour халықаралық супермаркет желісінің алғашқы суда жүзетін бөлімі Дубайдағы тұтынушыларына қызмет көрсете бастады. Парсы шығанағының жағасында жүзіп жүрген супермаркет яхталар мен су мотоцикліндегі спортшылар экипажына және жағажайға келушілерге арналған.  

Тұтынушыларына су бетінде қызмет көрсететін супермаркет Kite Beach, Jumeirah Public beach және Al Sufouh Beach жағажайларына тапсырыс жеткізіп отырады. 300-ден аса тауар арасында азық-түлікпен қатар сусындар, косметикалық бұйымдар мен дәрі-дәрмектер бар.

 Carrefour супермаркеті «жүзіп келіп, сатып алыңыз» концепциясымен аптаның 6 күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ телефон арқылы да тапсырыс беруге болады, деп жазады RUSSIAN EMIRATE. 

5c07cae419108

Бөлісу: