Amazon «Алла» сөзі бар төсеніштерді шығарғаны үшін дауға қалды

Amazon «Аллаһ» сөзі бар төсеніштерді шығарғаны үшін дауға қалды

Жаһан
Жарнама

8 қаңтар. АСТАНА. Ummet.kz –  Электронды саудамен айналысатын Amazon сайты «Алла» сөзі және арабша аяттар жазылған моншаға арналған төсеніштерді шығарғаны үшін дауға қалды, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

АҚШ мұсылмандары тарапынан келген наразылықтардың себебінен орталығы Америкада орналасқан компания бұл төсеніштерді сатылымнан алып тастады. Бұл әрекетке АҚШ-тың көш бастап тұрған мұсылман қауымдастықтарының бірі Америка-Ислам қатынастары кеңесінің (CAIR) мәлімдемесінен кейін барған. Сондай-ақ, бұл төсеніштерге қарсы Change.org-та арнайы наразылық акциясы жүргізіліп,  73 мың қол жиналған.

Amazon-ның бұл әрекеті бірінші рет емес. Осыған дейін 2016 жылы да Англияда «Алла» жазуы бар төсеніштерді сатылымға шығарып, халық тарапынан қатты сынған ұшыраған еді.

Бөлісу: