Кембриджде эко-мешіт ашылды (ВИДЕО)

Кембриджде эко-мешіт ашылды (ВИДЕО)

Жаһан
Жарнама

9 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Ұлыбританияның Кембридж қаласының мұсылмандары көп қоныстанған Милл-Роудта эко-мешіт ашылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бұл мешітте бір уақытта 1000 адам намаз оқи алады (ерлер – 800, әйелдер – 200). Сондай-ақ, онда балалар алаңы, кездесу залы, дәрісханалар бар.

 Кембридж мешіті Еуропадағы тұңғыш эко-мешіт болып табылады. Бұл діни ғимараттың ерекшелігі – нысанның құрылысында энергияны үнемдеуші құрылғылар кеңінен пайдаланылған. Ал нысанның үлкен терезелері күн көзінен қуат алып, мешітті электр қуатымен қамтамасыз етеді.

Эко-мешіт жобасын белгілі ғалым, Кембридж университетінің ислам білімдерінің оқытушысы Тим Уинтер жасаған.

Дереккөз: azan.kz

timthumb min

Бөлісу: