09
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Категория бойынша

Жазықсыз жандарға таңылған жала аспаннан да ауыр

Иман келтіру

Әлиден (р.а.) «Аспаннан ауыр нәрсе не? Жерден кең нәрсе не? Теңізден шалқар нәрсе не? Тастан қатты нәрсе не? Оттан ыстық нәрсе не? Аяздан суық нәрсе не? Удан ащы нәрсе не? - деп сұрағанда,

Нәпсінің кемшілігі: Жасаған істеріне өтем талап етуі

Иман келтіру

Нәпсінің келесі кемшілігі – жасаған (ізгі, сауапты) істеріне өтем талап ету.

Нәпсінің кемшілігі: Алланың таңдауын жақтырмау

Иман келтіру

Нәпсінің кемшіліктерінің бірі – іс-әрекетінде (мен үшін) ең қайырлысын нәсіп ет деп Аллаға жалбарынған соң, Алла оған қайырлысын таңдағанда, Оның таңдауына наразылық білдіруі.

Нәпсімнің айтқанын керісінше жасаймынНәпсімнің айтқанын керісінше жасаймын

Иман келтіру

Нәпсімнің айтқанын керісінше жасаймын:

Нәпсінің кемшілігі: Дәулетті бола тұра, пақыр болып көріну

Иман келтіру

Нәпсінің рухани кемшіліктерінің бірі – ауқатты бола тұра, жарлы болып көрінуі.

Көңілің қаяу кезде біреуге игілік жаса...

Иман келтіру

Аты сияқты әсем. Заты сияқты әйгілі. Дәмі сияқты керемет.

Сырқат адамның таяммум соғуы

Намаз

«Егер, ауру болсаңдар немесе сапарда болсаңдар яки біреулерің түзге отырып келсе. не болмаса, әйелдеріңе жақындағаннан (кейін) су таба алмасаңдар, ондай кезде таза жер жынысына таяммүм соғып, беттеріңді, қолдарыңды сипаңдар. Расында Алла аса кешірімді, тым жарылқаушы». [«Мәида» сүресі, 6-аят]. 

Жұмыс себепті жұмаға бармау үзір санала ма?

Намаз

Неше рет жұма намаздан қалса күнә жазылады? Мысалы, жұмыста болып, жұма намазына бара алмай қалса, ол үзірге жата ма? Мен астана су арнасында, құбыр тазалауда жұмыс жасаймын, қаланың әр жерінде жүреміз, көбіне мешіт жоқ жерлерде жүреміз, сол жағы қиын.

Сапар кезінде қаза болған намаздың қазасын кейіннен қалай өтеймін?

Намаз

Сапарда қаза болған намазды үйге келгенде қысқартып оқимын ба, әлде толық оқимын ба?

Мешітке кірген сайын мешіт ақысын (сәләм намазын) оқуым керек пе?

Намаз

Мешікте кірген бойда, отырмай тұрып, екі рәкәғат нәпіл намазы оқылады, оны «сәләм намазы» дейді немесе қазақша «мешіт ақысы». Үкімі – мұстахаб, сауапты амал. Алла елшісі (с.а.у.) бір сөзінде: «Сендерден біреу мешітке кірген кезде, отырмастан бұрын екі рәкәғат намаз оқысын» деп кеңес еткен1. «Отырмай тұрып» делінсе де, бұл шартты түрде емес, мешітке кіргеннен соң отырып, кейін артынан оқып жатса да мешіт ақысы саналады, бастысы мәкруһ уақыты болмаған болуы керек.

Ендігі жерде күніне бірнеше рет мешітке кірсе, әр кірген сайын мешіт ақысын оқуы керек пе?

Ханафи ғалымдарымыздың айтысына қарағанда, күніне бірнеше рет мешітке кіретін кісіге мешіт ақысын бір рет оқыса жеткілікті, әр кірген сайын оқыса да артық болмайды, ұнамды саналған2.

 

(Имам Бұхари, «Сахих Бұхари»).
Имам Шүрунбүләли: «Мәроқиль Фәлләх», «Сәлем» намазы.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Хадисте айтылған намаздың аманаттары

Намаз

Хадисте айтылған намаздың аманаттары:

Үтір уәжіп намазында қандай сүрелер оқыған жақсы?

Намаз

Үтір уәжіп намазында мына сүрелерді оқу мұстахаб саналады:

Жүйелі орындалатын құлшылық жалғасын табады

Ораза

«Көпшілік мұсылмандар Алла Тағаланың рахымымен шайтандардың үлкендері  құрсауланған  осы ұлы айда құлшылық-ғибадат жасауда өте зор ынта танытып жатады. Керісінше, жыл бойы Аллаға құлшылық жасамай, Рамазанда ораза ұстап, намаз оқитын адамдар да бар.

Рамазан оразасынан қалған қазаларды да үзбей ұстау керек пе?

Ораза

Үзбей ұстау мәселесі – 60 күндік кәффәрат оразасына қатысты.

Қаза оразаны қай уақытқа дейін ұстап біту керек?

Ораза

Алла Тағаланың Құрандағы мына аятында: 

Шәууәл оразасының ниеті қалай жасалады?

Ораза

Ниет дегеніміз, іштей бір нәрсені орындамаққа оқталу, соны діттеу дегенді білдіреді.

Шәууәл айындағы 6 күндік оразаны бөліп ұстауға бола ма?

Ораза

Шәуәл айындағы алты күндік нәпіл оразаны үзбей ұстау шарт емес. 

Ораза айт күндері қандай істерді жасау сүннет?

Ораза

Ораза айт күні таң атқаннан кейін дәмді тамақ жеп, айт намазын оқамастан бұрын пітір садақасын беру сүннет.

Пітір садақаны ораза айт біткеннен кейін де беруге бола ма?

Зекет

Пітір садақа беру – ораза айт күні таң намазының уақыты кіргенде міндет болады. Сол күні кешке дейін беріп үлгеру керек. Немесе Ораза айтқа дейін, Рамазан ішінде берсе де саналады. Дәл айт күні беру шарт емес. Мысалы, оразаның соңғы он күнінде, қадір түнінде т.б.

Зекет пен пітір садақасын мешіт құрылысына берсе бола ма?

Зекет

Қағида бойынша, зекет пен пітір садақалары мешіт құрылысына берілмейді. Өйткені зекет пен пітірде басты шарт "тәмлик ", яғни, мұқтаж жанның иелігіне беру.

Зекет бермегендердің тартатын жазасы

Зекет

Алла Тағала: «Алтын-күмістен қазына жинап, оны Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле. (Қиямет) күні олар (яғни алтын-күмістері) тозақ отына қыздырылып, мұнымен олардың маңдайы, бүйірі және арқасы үтіктеледі де, (оларға): «Міне, мынау – өздерің үшін жиғандарың. Ал енді жиғандарыңның (дәмін) татыңдар» (деп айтылады)» , – деген.

Зекетті өзімнің туған әпкеме, ағама берсем бола ма?

Зекет

Зекет ақшасын өзінің ата-анасына, балаларына бере алмайды. Өйткені, оларға беруі өзіне қайта алумен тең.

Зекет бермеуші мұсылманның жазасы

Зекет

Дүниедегі жазасы:

Пітір садақаны ораза айт біткеннен кейін де беруге бола ма?

Зекет

Пітір садақа беру – ораза айт күні таң намазының уақыты кіргенде міндет болады.

Мойнында кредиті бар мұсылман «Умра» қажылығына бара ала ма?

Қажылық

Алдымен айта кететін нәрсе: дәстүрлі банкттерден несиеге қарыз алу шариғатымызда құпталмайтын іс болғандықтан, мұсылман кісі аса зәру жағдайларда болмаса, жайшылықта несиеге жоламағаны дұрыс. Өйткені, банктерде берілетін несие қарызы дінімізде «өсім» болып саналады. Дінімізде өсім жеуші де, өсім жегізуші де ауыр күнә арқалайды1.

Қажылық: Ихрам халіндегі адамға тыйым салынатын жағдайлар

Қажылық

Алла елшісі (с.а.с.) ихрам жағдайына кірген қажыларды бірқатар амалдардан жасаудан сақтандырған. Ихрамдағы адамға төмендегі іс-әрекеттерді жасауға тыйым салынады:

Умра мен қажылықта шашын тақырлап алып тастау шарт па?

Қажылық

Умра қажылығын немесе үлкен қажылықты өтеуші кісі ихрамнан шығатын кезде шашын алып ихрамнан шығады. Ихрамнан шығарда шашын алу (немесе қысқарту) – уәжіп.

Мойнында қарызы бар адам қажылыққа бара ала ма?

Қажылық

Қарыз – ол құл ақысы. Қажылық – Құдай ақысы. Кей жағдайларда, құл ақысы – құдай ақысынан бұрын келеді.

Қажылыққа барушы мен оралушы кісіге қатысты әдептер

Қажылық

Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер

Бір кісінің қайта-қайта қажылыққа бара беруі шарт па?

Қажылық

Қажылық – Ислам дінінің бес парызының бірі. Оны мүмкіндігі болған адам өмірінде бір рет орындауы парыз.