20
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Нәпсінің кемшілігі: Ақиқатты қабыл етуге көндікпеу

Нәпсінің кемшілігі: Ақиқатты қабыл етуге көндікпеу

Иман келтіру

Нәпсінің кезекті бір кемшілігі – ақиқатты қабыл етуге көндікпеуі. Себебі құлшылық оның жаратылысына, табиғатына түбегейлі қайшы.

Мұның басым бөлігі нәпсінің жетегінде кетуден және әуестіктің соңына түсуден туады. Алла Тағала Бәну Исрайылдың бір тобына: «Көп созбай Жаратушы Иелеріңе тәубе етіңдер! Нәпсілеріңді өлтіріңдер», – деп бұйырған («Бақара» сүресі, 54-аят).

Бұл кемшіліктен арылудың жолы – кісінің пендешіліктен түбегейлі арылып, Раббысына біржола бет бұруы. Мәселен, Алланың досы Ибраһим пайғамбарға (алейһис-сәләм) баласын шалу бұйырылған. Құран Кәрімде бұл оқиға желісі: «Содан әкелі-балалы екеуі де (Ибраһим мен Исмайыл) Жаратқанның жарлығына қалтқысыз мойынсұнып, Ибраһим баласын оң жақ қырымен жатқызғанда (Біз оған: «Уа, Ибраһим!» – деп үн қаттық). Сен түсіңде көрген иләһи пәрменді растадың (һәм өзіңнің Аллаға шын берілгеніңді дәлелдедің, енді балаңды құрбандыққа шалмай-ақ қой)», – деп баяндалған («Саффат» сүресі, 102-105 аяттар).

Кейін Алла Тағала оған (Ибраһим пайғамбарға) баласының орнына ірі құрбандық нәсіп етіп, сол құрбандыққа шалынады. Жунейд әл-Бағдади: «Дүниеге қазыққа байланғандай байланған кісіге Алла жәннатты харам етті», – деген. Ал бұдан құтылудың ең тиімді жолы – пендешіліктен арылып, Раббымызға қалтқысыз мойынсұнуда.

материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: