08
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Тіс пломбасы ғұсыл немесе дәрет алуға кедергі келтіре ме?

Шариғат бойынша дененің қайсыбір жерінде ашық жара пайда болған жағдайда мұндай жер таңылып немесе басқадай бір әдіспен қымталуы тиіс. Дәрет немесе ғұсыл алған кезде таңғыш сыртынан ылғалды қолмен мәсіх тартылады, осылайша дене мүшесі формалды түрде жуылған болып саналады.

Құрандағы бала емізу мерзімі қандай?

Адамзатқа түсірілген қасиетті Құран Кәрімде «Бақара» (2/233) мен «Лұқман» сүресінде (31/14) баланы емізу мерзімінің екі жыл екендігі айтылған.

Қоғамдық орындарда жүріп-тұру әдебі

Мұсылмандардың өмірінде мешіттің орны бөлек. Қоғамдық көпшілік орындарға, əсіресе мешітке алба-жұлба ұсқынсыз күйде, иісі қолқаны қабатын кір киіммен кіріп баруға болмайды. Пайғамбарымыз(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Мешіттер зəр сындыратын немесе басқа да өрескел қылық жасайтын орын емес. Бұл жерлер тек Алла тағаланы зікір етуге (еске алуға), намаз жəне Құран оқуға арналған», – деп баса айтқан.

Макияж, шаш бояуы, қына, шаш кремін қолдану туралы

Әйелдің ислам рұқсат берген шеңберде ажарланып бойын күтуге толық мүмкіндігі бар. Исламда әйелге тек күйеуі үшін әрленуге рұқсат беріледі. Сонымен қатар, қына, сүрме секілді табиғи косметикалық құралдарды пайдалануға да шектеу қойылмайды.

Дәретте бет жууға қатысты пәтуалар

Алла Тағала: «Уа, иман келтіргендер! Қашан намазға тұрсаңдар, беттеріңді және қолдарыңды шынтақтарға дейін жуып, бастарыңды сипаңдар, аяқтарыңды да тобықтарына дейін жуыңдар», - деп бұйырды («Мәида» сүресі, 6-аят).

Базардағы саудагерлерге ескерту

Қазір көпшілік ортада «Алдамасаң, базар жоқ», - деген пікір қалыптасқан. Асыл дінімізде алдағанның арты жақсылыққа апармайтыны белігілі. Ғұламалар өтірікті үлкен күнәлардың қатарына жатқызған. Сауданың аты, сауда деп өзіңді алдамсыратудың да жөні жоқ. Өйткені, сауданың шариғат бекіткен өз заңдылығы бар.

Жыртқыш хайуандарды неліктен жеуге болмайды?

Жұмыр жердегі барша нәрсе адамзат баласының игілігі үшін жаратылған. Жер қойнауындағы пайдалы қазбалар, көкте ұшқан құс, жерде жүгірген аң, алуан түрлі жеміс-жидек барлығы құдіреті күшті Алла Тағаладан пенделеріне берілген.

Тәжуид үйретіп ақы алу дұрыс па?

Алла Тағала: «Құранды мәнерлеп тұрып оқы», – деп бұйырды («Муззаммил» сүресі, 4-аят). Құранды мәнерлеп оқу дегені оны ежіктеп, әріптерді дұрыс шығарып, аяттарды бөліп-бөліп, тәжуид ережесіне сай оқуға айтылады.

Бильярд пен теннис ойнаудың үкімі

Ислам діні көптеген пайдалы ойындарды халал деп, ал кез-келген құмар ойыны араласқан ойындарды харам еткен.