16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Дін қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты (фото)

Дін қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған дін қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына үн қосты.

Республикалық бас мешіт ауласындағы саябақта өткен игі іс-шарада дін қызметкерлері айналаны абаттандыру, ағаш отырғызу, тазалық жұмыстарын жүргізу сынды істерге үлес қосты.

Акция барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат берген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен еліміз бойынша 2024 жылғы 8 сәуір мен 11 мамыр аралығында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жарияланды. Бұл бастамаға жер-жердегі дін қызметкерлері де үлес қосуда. Асыл дінімізде айналаны абаттандыру, тазалау, көгалдандыру жұмыстарына үлес қосу сауапты істердің бірі саналады. Бұл – жас ұрпақты ізгілік пен еңбекқорлыққа баулитын бастама. Сондықтан біз мұндай өнегелі істерді жан-жақты дәріптеуге көңіл бөліп келеміз», - деді.

Бөлісу: