27
Сб,
апр

һижри

Ресей тарихындағы мұсылмандар туралы кітап шықты

Жаһан

2017 жыл Ресей мұсылмандары үшін жағымды жаңалықпен басталды. Кешегі және бүгінгі Ресей тарихындағы мұсылман қауымының маңыздылығы жоғары бағаланған еңбек жарық көрді.

 

«Жаңа империялық тарихтағы мұсылмандар» деп аталатын кітап 30 желтоқсан күні «Садра» баспасынан Ресей ғылым академиясы Шығыстану институты мен ислам мәдениетін зерттеу қорының бірлесуімен басылды.

«Жаңа империялық тарихтағы мұсылмандар» кітабына Ресей ғылым академиясы Шығыстану институты ТМД елдері бөлімі меңгерушісі, тарих ғылымының кандидаты В. О. Бобровниковтың редакциялық жетекшілігімен белгілі авторлардың, қазіргі заман философтарының мақалалары жинақталған.

Жаңа жоба Ресейдің бүгінгі жаңа тарихындағы мұсылман қауымының орны мен маңыздылығын айқындау мақсатында қолға алынған. Еңбекте барша оқырмандарды қызықтырған дүниелердің нақты әрі толық мәліметтері берілген.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: