27
Сб,
апр

һижри

Дін дұрысы – діндарда (ФОТО)

Мешіт тынысы

Астана мешіттерінде білікті имам-молдалардың уағыз-насихат жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Қала іргесіндегі Қырқыншы станса елдімекенінде орналасқан «Әс-Сәлам» мешіті де елімізге белгілі теолог, дін мамандарының жиі бас сұғып, сұхбат құратын құлшылық үйі.  «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Марат Бектазинов аталмыш мешітке келіп, жергілікті жамағатқа «Ислам – бейбітшілік діні» деген тақырыбында уағыз айтты. Ислам шариғатында бейбітшілік пен бірлікті ту еткен ұстанымдар жайында тарихтан мысал келтіріп, жамағатты ауызбіршілік пен ынтымақта болуға насихаттады.

Уағыз соңында мешіттің бас имамы Нұрбол Абсаттарұлы бастаған мешіт ұжымы жамағатқа арнайы дастарқан жайды. Дастарқан басында жалғасқан басқосуда көпшілік көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Маңызды кездесуден мол мағлұмат алған жамағат дін қызметкерлеріне өз алғыс-тілектерін жеткізді.

IMG 4330

IMG 4340

IMG 4356

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться: