27
Сб,
апр

һижри

Әзірбайжан мешіттерінің web-картасы құрылды

Жаһан

Әзірбайжан мешіттерінің web-картасы мен деректер базасы құрылды. Бұл туралы APA ақпараттық агенттігі хабарлады.

Кавказ мұсылмандары басқармасы осыған сәйкес жобаны әзірледі. Деректер базасы мен картасы – республикада ресми тіркелген мешіттердің нақты мекенжай мәліметтер қоры.

Интерактивті карташы ашу үшін Кавказ мұсылмандары діни басқармасы (Qafqazislam.com) сайтының «Мешіттер» бөліміне кіру керек. Осы бөлімдегі әрбір мешіт туралы парақшада нақты мекенжайы және мешітке жақын аялдамадан өтетін қоғамдық көлік нөмірлері берілген.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: