26
Пт,
апр

һижри

Хижабтағы алғашқы тележүргізуші Канада эфирінде (ВИДЕО)

Жаһан

Құрама штатта соңғы уақытта исламофобиялық құбылыстар белең алса, Канада елінде оң үрдіс қалыптасты. Бұл елде мұсылман қыз-келіншектері қоғамда маңызды орын алып, сый-құрметке ие болуда.

Джинелла Масса есімді журналист қыз Канада телеарнасының жаңалықтар қызметіндегі тұңғыш хижабтағы жүргізуші атанды. Мұсылман қызының CityNews арнасындағы қызметіне әлеуметтік желіде қолдау білдірушілер қатары көбейді.

Айта кетер жайт, Джинелла Масса Панамада католик отбасында дүниеге келген. Бір жасқа толған уақытта оның анасы Канадаға қоныс аударады, екі жылдан соң исламды қабылдайды. Осылайша, Джинелла 3 жастан бастап мұсылманша тәлім-тәрбие алып, ислам дінін ұстанып өседі.

2015 жылы Джинелла канадалық телеарналарда хижабтағы алғашқы журналист саналды. Енді ол телеарнаның жаңалықтар қызметін жүргізуді қолға алды.

{youtube}BF-G8hphaLw{/youtube}

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: