27
Сб,
апр

һижри

Афинада алғашқы мешіт ашылады

Жаһан

Қараусыз қалған әртүрлі үйлер мен жертөлелерде құлшылық жасауға мәжбүр болып келген Афина мұсылмандарын үлкен қуаныш күтіп тұр.

Елдегі оңшыл партияның қарсылықтарына қарамастан, Афина үкіметі мешіт салу туралы шешім қабылдады. Афина қазіргі уақытта Еуропадағы ресми мешіті жоқ жалғыз мемлекет астанасы саналады.

Алдын ала жоспарға сәйкес, мешіт ғимараты 600 шаршы метрді құрайды. Онда бір уақытта 350 адам намаз оқи алады. Мешіт құрылысы Афинаға жақын маңдағы Вотаникос ауданындағы әскери база орнында жүреді.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: