20
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) есімдері мен лақап аттары

Пайғамбардың (с.ғ.с) есімдері мен лақап аттары

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) түрлі есімдері бар.

Солардың қатарындағы «Мұхаммед» есімі Құранның бірнеше аяттарында айтылады («Әли Имран» сүресі, 144, «Аһзаб» сүресі, 40, «Мұхаммед» сүресі, 2, «Фәтх» сүресі, 29) . Ал Құранның 47-сүресі «Мұхаммед» есімімен аталған. Кейбір есімдер ежелгі кітаптарда да кездеседі. Мысалы, хазірет Исаның «Ахмед» деген есіммен сүйіншілегенін Құраннан білеміз (Саф» сүресі, 6) .

«Мұхаммед» сөзі «мақталуға лайық, мақталушы» дегенді білдіреді. Ал «Ахмет» сөзі «Аллаға ең көп шүкір етуші» деген сөз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) көбіне көп Мұхаммед есімімен аталып, бұған қоса Хадиша анамыздан туған Қасым атты тұңғыш ұлына байланысты «Әбул-Қасым» (Қасымның әкесі) деген лақап есімі болған.
Бір хадисінде: «Менің бес есімім бар. Мен Мұхаммедпін, Ахметпін, Махимін – Алла күпірді мен арқылы жояды, Хаширмін – адамдар қиямет күні менен кейін тіріледі, Ақибпін – менен кейін пайғамбар келмейді», – деп айтқаны бар (Бұхари, Мәнақиб 17) .

Ғалымдар Алла елшісінің (с.ғ.с) есімдері мұнымен ғана шектелмейтінін айтады. Олардың айтуынша, Құранда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сипаттары ретінде расул, нәби, шаһид, мубәшшир, бәшир, мунзир, сиражун-нур, муддәссир, муззәммил, хатамун-нәбииун сияқты есімдері айтылады.

Алла Тағала бұдан бөлек хақ Елшісін (с.а.с.) өзіне тән Рауф және Рахим атты екі есіммен марапаттап, қадірін айшықтай түскен («Тәубе» сүресі, 128.) . Олай болса, Алла елшісінің (с.ғ.с) есімінің көптігі, оның қадірі мен мәртебесінің биіктігін көрсетеді.

материал «Пайғамбарымыз жайлы 111 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: