20
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Құрбандықтың орнына садақа берсе қабыл ма?

Құрбандықтың орнына садақа берсе қабыл ма?

Құрбан Айт
Жарнама

Құрбан шалудағы ең басты шарт – малды бауыздап, қан ағызу[1].

Бұл дегеніміз –  құрбандық болып есептелуі үшін міндетті түрде айт күндері мал сойылу керек деген сөз. Малдың орнына оның ақшасын садақа етіп тарату арқылы міндетінен құтыла алмайды. Бұл пәтуа - құрбан шалуға міндетті болған бақуатты кісілерге қатысты.

Ал, сауап алғысы келген тұрмысы нашар кісінің  – өз ықтиярында. Дегенмен, жылына бір рет келетін Құрбан айт мейрамында садақа етіп бергеннен гөрі құрбандық шалғаны абзал[2]. Өйткені, құрбандыққа шалынған малдың әрбір қылшығы үшін сауап жазылатындығы хадистерде айтылған. Осы орайда, тұрмысы нашар кісі "осы қойды Алла үшін құрбандыққа шаламын" деп атаған болса, оны нәзір дейді, оған ол құрбанын шалуы керек болады. Және кей ғалымдарымыз кітаптарда мынадай үкім айтады: "тұрмысы нашар кісінің құрбан айтта құрбан шаламын деп, құрбандық ниетімен мал сатып алған болса, оған оны шалуы уәжіп болады" деген. Ал, ол қойды құрбандық ниетімен сатып алмаған болса немесе бұрыннан үйінде бар қой болып, оны кейіннен құрбанға шаламын деп ниет етсе де, тұрмысы нашар кісіге ол қойды союы уәжіп болмайды[3].

Тағы бір ескерер жайт, өзіңіздің орныңызға басқа бір адамды өкіл ретінде құрбаныңызды шалуы үшін тағайындай аласыз. Және ол құрбандықты сіз шалған болып есептелесіз.

[1] Раддуль Мухтар – 9/453 бет.
[2] Әс-Сәрәхси, Әл-Мәбсут – 12/14 бет.
[3] Имам Касани: Бәдәиъу - 6\276.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: