27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти Малайзияның Ұлттық секция комиссарымен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Малайзияның Ұлттық секция комиссары Дато Сери Зайни Бин Уджанг бастаған делегацияны қабылдады.

Ресми кездесуге Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хидаят Абдул Хамид, Комиссар орынбасары Ину Байзура Мұхаммед Заин, т.б. бизнес саласының өкілдері қатысты.

Қабылдауда ҚМДБ төрағасы мәртебелі меймандарға қазақ топырағына Исламның келу тарихы туралы түсіндіріп, Қазақстандағы діни оқу орындары мен мүфтияттың жұмыстары жайлы баяндап берді.

Бас мүфти ҚМДБ-ның халал стандарттау саласындағы жұмыстарына қолдау көрсетіп, әріптестік байланыс орнатуға ниет білдірген Малайзияның лауазымды басшыларына алғысын білдірді.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2016 жылы 3 түрлі стандарт жасады: «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» (1:2015), «мал бауыздау және ет өңдеу» (1:2016), «тағамға қатысты қызметтер» (2:2016). Осы бағытта Малайзиядағы JAKIM және Түркияның SMIIC халал сертификаттау ұйымдарының стандарттары пайдаланылды. 

Malo2

Malo3

Malo4

Malo8

Malo5

Malo6

Malo7

Malo9

Malo10

 ҚМДБ Баспасөз қызметі

Бөлісу: